Алматыда түнде бұлтты, қар жауады.
Синоптиктер Қазақстандағы 2024 жылғы 8 желтоқсанға арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Елдің шығыс жартысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, оңтүстік-шығыс пен шығыста да қар жауып, көктайғақ болады, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК .
Антициклонның әсерінен еліміздің батыс жартысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жалпы республика бойынша тұман күтіледі. Батыста, оңтүстікте және шығыста – жел күшейеді.
Астанада көшпелі бұлт шығады, кей уақытта аздап қар жауады. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -16-18°, күндіз -12-14°.
Алматыда түнде бұлтты, қар жауады. Күндіз бұлтты, қар жауады, кейде қалың, тұман түседі, жолдар көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан 0-5 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5°, күндіз -3-5°, одан әрі төмендейді.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз -3-5°.