Оңтүстік облыстарда 5 -13 градусқа дейін суық болады деп болжанды.
«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміз бойынша 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Ауа температурасы біртіндеп көтеріледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Синоптиктердің мәліметінше, аптаның басында Солтүстік циклон республиканың көп бөлігіне әсер етеді. Салдарынан қар, боран, елдің батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болжанып отыр.
Ал елдің оңтүстігінде кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанып отыр:
Түнде елдің батысында 0 -8 градусқа дейін, солтүстік-батысында, солтүстігінде 7 -15 градусқа дейін, Қазақстанның орталығында 10 -18 градусқа дейін, республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында 7 -20 градусқа дейін, оңтүстік облыстарда 5 -13 градусқа дейін суық болады деп болжанды.