09.12.2024, 18:00

Тәуелсіздік күніне орай Астанада отшашу болмайды

Фото: pixabay.com: UGC

Бұл туралы елорда әкімдігі мәлімдеді. 

16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 33 жылдығына орай елордада мерекелік отшашу болмайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Тәуелсіздік күніне орай Астанада 50-ден астам түрлі мерекелік және ресми іс-шара өтеді. Оның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спартакиадалар сияқты іс-шаралар бар. Отшашу болмайды», – делінген әкімдік хабарламасында. 

Әдетте, бұл мерекеде дәстүрлі түрде демеушілердің ақшасына отшашу ұйымдастырылатын.