Материалдық қиындықтарға, ет дүкеніндегі жұмыстарына қарамастан, олардың осы істі қозғағанына қуанған едім.
Марқұм Шерзат Болат тарапының адвокаты Саида Тәуекелова Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты тың дерек айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Шерзат ісі бойынша Нұрқанатпен бірге тергеуге күнделікті жауап алу кезінде бірге қатыстық. Ауыр психологиялық жағдайын байқамадық. Ол жауап алу сәттерінің бәрін, оның ішінде оқиға орнына барғанда да батыл түрде өткерді. Сәрсенбі күні сотқа баруымыз керек болатын. Ол сотта біз "жала жабу", БАҚ-та "жалған ақпарат тарату" баптары бойынша арыз түсіргенбіз. Сол бойынша сот басталуы керек еді. Дайындалып жүргенбіз. Кеше де байланыста болдық. Материалдық қиындықтарға, ет дүкеніндегі жұмыстарына қарамастан, олардың осы істі қозғағанына қуанған едім. Көмектесуге де тырыстық. Отбасында кіріс болсын дедік. Олар ешкімнен ештеңе сұрамады. Бұл жаңалық бәріміздің төбемізге жай түскендей болды", – деді адвокат Саида Тәуекелова.
Адвокаттың сөзінше, Шерзат ісі бойынша тергеу амалдары аяқталып қалды. Нұрғанат Ғайыпбаев сол істе басты куәгер әрі жәбірленушінің бірі болған.