Қылмыстық кодекске толықтырылған екі жаңа бап қоғам талқысына шығарылды.
Елімізде дәрігерлерге күш көрсетіп, жұмысына кедергі келтіретіндер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Дәрігерлерге қастандық жасаған азаматтарға үш жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған. Қылмыстық кодекске толықтырылған екі жаңа бап қоғам талқысына шығарылды.
Енді медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіргендер 738 мың теңге айыппұл не 200 сағат қоғамдық жұмысқа тартылуы ықтимал. Тіпті 50 тәулікке қамау жазасы бар. Ал ақ халаттыларға қоқан-лоқы көрсетіп, қол көтеретіндерге 11 миллион теңге айыппұл салынады. Бұдан басқа 800 сағат қоғамдық жұмыс және 3 жыл түрме жазасы көзделген.
Бас прокуратураның мәліметінше, соңғы бес жылда медицина қызметкерлеріне күш көрсетудің 200-ге жуық дерегі тіркелген.