$ 516.93  542.52  4.98

Антикордың бұрынғы орынбасарының іздеуде жүрген інісі ұсталды

Іске қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Фото: Антикор
Фото: Антикор

Шымкенттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевтың інісі Дәуренбек Қожабаев ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Дәуренбек Қожабаевқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Дәуренбек Қожабаев қылмыстық жауапкершіліктен босатқаны үшін қаладағы орта мектептердің бірінің директорынан пара алды деген күдікке ілінді. 

БАҚ мәліметінше, күдікті Шымкент бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевтың інісі. Ал Мақсат Қожабаевтың өзі 2023 жылдың қарашасында алаяқтық жасады деп айыпталып, ол бес жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.

“Дәуренбек Қожабаев тергеуден қашуына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды. 30 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Іске қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары