Кетерінде қолдан жасаған сыйлығын беріп, жылап қалады.
Желіде ағасын әскерге қимай шығарып салған кішкентай қыздың видеосы тарады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеода кішкентай қыз сапта тұрған ағасының жанына барып қайта-қайта құшақтайды. Кетерінде қолдан жасаған сыйлығын беріп, жылап қалады. Оқиғаға жүректері елжіреген желі қолданушылары кішкентай қызбен бірге жылағандарын жарыса жазды.
"Түйедей болып мен неге жылап отырмын?", "Маған да ағаларын шығарып салып, күтіп алатын қыз бұйырса екен", "Ағасын жолға шығарып салған қыздың ақылы көп екен. Жүрегім ауырып кетті ғой", "Қыз деген осы. Бауыр мен туысқа жақын болады", "Екі ұл тәрбиелеп отырмын, әскерге жіберуге қорқамын", "Осыны көріп толқыдым. Соғыс жоқ тыныш заманда әскерде неге бала өледі? Неге бұлай шығарып саламыз?", "Аман-есен келсін", - деді пікір қалдырушылар.
Видео бүгінде жиырма мыңнан аса лүпіл мен 1500-нан аса пікір жинап үлгерген.