$ 516.93  542.52  4.98

ҚМДБ жолды жауып, намаз оқығандарға қатысты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Құрметті жұма намазына келуші жамағат! Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеті жерде намаз оқуға тыйым салған.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы 6 желтоқсан күні Алматы Орталық мешітінде болған жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол жолды жауып, намаз оқуға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ағабек Қонарбайұлы сол күні қала көшесінде болған көлік кептеліс себебін түсіндірді. 

“6 желтоқсанда Алматы Орталық мешітінде алғаш рет жұма намазына келушілер мешіт ауласына сыймай қалды. Парыз намазы басталғанға дейін мешіт қызметкерлері жамағатты мешіт ауласына орналастырған. Алайда парыз намазы басталған соң мешіттің оң жақ бөлігі яғни, М.Мәметова көшесінің бір бөлігінде адамдар 5 минуттық құлшылық парызын өтеді. Салдарынан көше кептелісі пайда болды”, – деді Ағабек Қонарбайұлы.

Басқарманың ресми өкілі жұмаға жиналатын жамағатқа үндеу жасады.

“Құрметті жұма намазына келуші жамағат! Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеті жерде намаз оқуға тыйым салған. Олар: қоқыс жиналған жерде, мал соятын орында, қабір басында, жолдың үстінде, моншада, мал суарылатын орында және қағбаның үстінде. Жол үстінде намаз оқуға тыйым салуының басты себебі – жол қозғалысына кедергі келтірмеу. Ол көшемен жедел жәрдем көлігі, өрт сөндіру көлігі немесе жұмысына асыққан адам жүретіні белгілі. Сондықтан 5 минутқа көшені жауып намаз оқу қаншама ұзын-сонар көше көптелісін туындатады.

Жұма намазын оқу кезінде жолды жауып, басқа адамдарға зиян тигізуге болмайды. Сол себепті, баршаңызды намазға ертерек келіп, тиісті көрсетілген орындарға жайғасуды, жолдарды жаппауды, көліктерді де дұрыс орынға қоюды, талап пен тәртіпті қатаң сақтауларыңызды сұраймыз”, – делінген жазбада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары