Ибрагимова пилоттық жоба басталып кеткенін айтты.
Отбасы банк "Наурыз" бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны 10%-ға дейін төмендетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Біз бастапқы жарнаны 10%-ға дейін төмендетеміз. Көбі "Наурыз" бағдарламасы бойынша пәтерлердің ішкі жөндеу жұмыстары аяқталмағанын, сондықтан бастапқы жарнаның тым жоғары екенін айтады. Өйткені қарыз алушылар кейін жөндеу жұмыстарын жүргізеді, - деді "Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова.
Ибрагимова пилоттық жоба басталып кеткенін айтты.
Мәселен, 35 млн теңге тұратын дайын пәтердің бастапқы жарнасы 6 млн теңге емес, 3 млн теңге болады, яғни бастапқы жарна 10% болады. 19 қарашада (еск. - Baspana Market) 35 млн теңге тұратын 3 бөлмелі пәтерлерді орналастырдық. Бұл әрленген пәтерлер. Бұл Астанада іске асырылып жатқан пилоттық жоба. Мұны құрылыс компаниясы ұсынып отыр, - деді банк төрағасы.