Еске сала кетейік, қазан айында Президент мемлекеттік қызмет туралы Жарлықтарға өзгерістер енгізді.
Қамқорлыққа алған азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу енді онлайн жүзеге асырылады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлайды.
Енді қамқоршылар кәмелет жасына толған, сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтарды тұрғылықты жері бойынша eGov.kz порталы арқылы тіркей алады. Бұған дейін аталған қызметті алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына тікелей келу керек еді. Енді жаңартылған қызмет түрін үйден шықпай-ақ, бірнеше қадам арқылы алуға болады, — делінген хабарламада.
Қызметті алу жолдары:
— eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Азаматтық, миграция және иммиграция» бөлімін таңдау керек;
— «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау» бөлімінде «Тұрғылықты жері бойынша тіркеу» бөлімін таңдау қажет;
— қажетті деректерді толтырып, өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою қажет. Қызметтің нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде, «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қолжетімді.
— Өтінімді өңдеудің жай-күйі туралы хабарлама мемлекеттік орган белгілеген уақыт ішінде түседі, — деп хабарлайды ұлттық ақпараттық технологиялар қызметінен.
Биыл тамызда eGov.kz жүргізуші куәлігін алудың жаңа талаптарын енгізген еді.
Еске сала кетейік, қазан айында Президент мемлекеттік қызмет туралы Жарлықтарға өзгерістер енгізді.