Осы қылмыстық істің 11 қатысушысы қамауда болады. Олардың барлығы жауапқа тартылады.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жыл соңына қарай полицияның жасөспірім Шерзат Полатты өлтіру ісіне қатысты тергеуді аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Санжар Әділов қылмысқа қатысы барлардың жазаланатынын жеткізді.
«Жыл соңына дейін біз барлық сараптамаларды алып, барлық тергеу әрекеттерін аяқтаймыз. Осы қылмыстық істің 11 қатысушысы қамауда болады. Олардың барлығы жауапқа тартылады. Прокурордың келісімі бойынша түпкілікті айып тағылады және қылмыстық іс материалдарын қылмыстық процеске қатысушыларға таныстыруға ұсынамыз», – деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы Шерзат Полат көз жұмған еді.