Қазақ тілін дамытуға үлес қосқан америкалық Ракель Рейнагель марапатталды.
Америкалық блогер Ракель Рейнагель Қазақ тілін дамытуға қосқан үлесі үшін Ғылым және жоғары білім министрлігінің арнайы марапатына ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ракельге “Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін” төсбелгісін салтанатты түрде табыстады.
“Бұл мен үшін үлкен қуаныш, алғысымды сөзбен жеткізу қиын. Әлеуметтік желідегі қарапайым өмірімді бөлісе отырып, осындай құрметке лайық боламын деп ешқашан ойламадым. Қазақ тіліне қосқан үлесімді көлдегі бір тамшы суға теңеймін. Мен бұл марапат үшін емес, қазақ тілінде сөйлеуді өмірлік қағидам ретінде саналы түрде таңдадым. Осындай құрмет үшін шын жүректен рақмет! Өте қуаныштымын,” – деп бөлісті блогер.