12.12.2024, 12:40

Танымал трансгендер Амилай қамауға алынды

Фото: видеодан кадр

Трансгендер әрі блогер кінәсін мойындап, алдымен өзін қорлағанын атап өтті.

Амилай атымен танымал трансгендер қамауға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Buzyq телеграм арнасы жазды. Арна мәліметінше, Амилай ұсақ бұзақылық жасаған.

Амилай 7 тәулікке қамауға алынды. Алматының әкімшілік соты оның 5 желтоқсанда MC Donerci-де ұсақ бұзақылық жасағанын мәлімдеді. Амилай әдепсіз сөздер айтқан. Трансгендер әрі блогер кінәсін мойындап, алдымен өзін қорлағанын атап өтті, — деп жазады Buzyq.

Естеріңізге сала кетейік, Амилай осыған дейін әскерге шақырту алған болатын.