Ер адамның жанында қармақ болған.
Оралда Шаған өзенінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Мой город» порталының жазуынша, месенджерлерде мұз үстінде жатқан ер адамның суреті тарады.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті оқиға бойынша пікір білдірді. 13 желтоқсан күні түстен кейін Садовое ауылына жақын Шаған өзеніндегі мұз бетінен ер адамның мәйіті табылды. Полицияның дерегінше, оның денесінен зорлық-зомбылық іздері болмады.
«Ер адамның жеке басы анықталды. Ол Бәйтерек ауданының тұрғыны. Жақын маңда қармақ табылды. Ер адамның мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - делінген хабарламада.