$ 527.3  544.86  4.95

Шерзат Болаттың отбасына үй беріле ме?

Қазір біз оларға (көмек) ұсындық.

Фото: © Айдана Дайырова\Sputnik
Фото: © Айдана Дайырова\Sputnik

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Шерзат Болаттың отбасына демеушілер есебінен үй салып беру мәселесі қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Біздің аудан, ауыл әкімдіктері, кейін өзіміздің құрылымдар олармен (Шерзат Болаттың отбасымен) толық байланыста. Тиісті көмегін мемлекеттік емес ұйымдар, меценаттар арқылы көрсеттік. Қазір меценаттар мен демеушілеріміз үй салуға дайын. Егер мақұлданса, жұмысқа кірісуге дайынбыз. Қазір біз оларға (көмек) ұсындық. Қыста үйдің тиісті құжаттарын дайындап алайық», – деді аймақ басшысы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Биыл 4 қазанға қараған түні Алматы облысы Талғар қаласында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Болат көз жұмды. 12 қазанда марқұмның отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп кетті. Полиция 5 бап бойынша қылмыстық істі тіркеді. 11 күдікті ұсталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 5
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары