$ 527.23  544.05  5.05

«Дикий Арманның» соты қашан өтетіні белгілі болды

2023 жылдың қыркүйегінде тергеу органдары «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиев пен Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің ісін сотқа тапсырған болатын.

Фото: gulbanuanyat инстаграм парақшасынан
Фото: gulbanuanyat инстаграм парақшасынан

Адвокат Олег Черновтың мәлімдеуінше, Арман Жұмагелдиевке қатысты үкім 2025 жылдың қаңтар айында шығарылуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазіргі таңда Арман Жұмагелдиевтің сот тергеуі аяқталды, іс сот жарыссөздер кезеңіне өтті. Мемлекеттік айыптаушы өз ұстанымын білдіруде, сотталушыларға ұзақ мерзім сұрап отыр. Желтоқсан айының соңына дейін іс аяқталады деп күтілуде, ал үкім 2025 жылдың қаңтарында шығуы мүмкін», – деп жазды адвокат.

Айта кетейік, 2023 жылдың қыркүйегінде тергеу органдары «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиев пен Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің ісін сотқа тапсырған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары