13.12.2024, 22:30

«Ақылды болма»: Қарағандының әкімі желідегі пікірі үшін жазаланды

Фото: inkaraganda.kz

Анықталған фактілер бойынша комиссия әкімге сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі комиссиясында Қарағанды ​​қаласының әкімі Мейрам Қожықовқа қатысты тәртіптік іс қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Stan.kz-тің жазуынша, Әдеп жөніндегі комиссия мүшелері Қарағанды ​​қаласы әкімінің әлеуметтік желідегі оқырманына жазған пікіріне қатысты іс материалдарын қарады. Бұған дейін Мейрам Қожықов желідегі оқырманына "ақылды болма" деген пікір қалдырып, сынға қалған.

"Тексеру барысында Қарағанды ​​қаласы әкімінің әрекеті әлеуметтік желілерде азаматтардың сынына себеп болғаны анықталды. Анықталған фактілер бойынша комиссия әкімге сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды", – делінген хабарламада.