Оған кабельдік желіні ұрлау себеп болған.
Астанадағы бірқатар тұрғын үйде жарық сөндірілді. Бұл туралы «Астана-АЭК» АҚ баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мекеменің хабарлауынша, 13 желтоқсан күні «Шұбар» қосалқы станциясында 10 кВ ұяшықтар өшірілген. Шектеуде үш тарату пункті бар. Оған кабельдік желіні ұрлау себеп болған.
«4 жедел-көшпелі бригада оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз», - делінген «Астана-АЭК» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Апат Есіл ауданында болған, атап айтқанда, "Арайлым", "Премиум", "Новый мир", "Нұрсая", "Парковый" тұрғын үй кешендері және Қонаева көшесі, 7 және 31 мекенжайындағы екі әкімшілік ғимарат жарықсыз қалды.