Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Теміртауда 13 желтоқсанда 112 шұғыл байланыс желісіне Нұра өзені арқылы өтетін көпір аумағында мұз жарылып, баланың суға түсіп кеткені туралы ақпарат келіп түсті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті.
Жедел құтқару жасағының күшімен 2018 жылы туған баланың денесі судан шығарылды.