15.12.2024, 06:30

«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)

Фото: Видео кадры

Тұлпар иесі ақтөбелік жылқы өсіруші Марат Көшеров.

Дубайда өткен жарыста Қазақстаннан барған сәйгүлік Нугул жеңіске жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Тұлпар иесі ақтөбелік жылқы өсіруші Марат Көшеров.

13 желтоқсанда жеңіске жетпеген жылқылар арасында 1200 метрге жарыста қазақстандық жылқы Нугул (Noogool) бірінші болып келді. Дегенмен ол жарысты соңғы орыннан бастаған еді.

Желі қолданушылары Нугулдың жеңісіне қуанып, түрлі пікір қалдырды. 

"Намысты екен", "Кабирханның інісі", "Жеңіске жетпесем соғымға кетіп қаламын деп қорыққан шығар", "Құтты болсын", "Керемет", - деп желі қолданушылары жарыса пікір жазды.