15.12.2024, 11:30

Марқұм Шерзаттың ағасы көз жұмды, әкесі қамауда отыр. Енді не болмақ?

Фото: inbusiness.kz

Алдағы уақытта іс қалай өрбиді?

11 желтоқсанда Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық соты Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесін 15 тәулікке қамауға алды. Бұл мәліметті Алматы облыстық сотының телеграм-парақшасы жариялады. қаржаубай Нұрымовпен қатар тағы екі туысына айыппұл салған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қорлап, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын айналасындағыларға құрметсіздік танытатын іс-әрекеттер жасағаны және көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергілер жасағаны үшін (ӘҚБтҚ 434 -бабының 1 - бөлімі) азамат Қ. Нұрымов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Еңбекшіқазақ аудандық соты әкімшілік іс жүргізу тәртібімен істерді қарау нәтижелері бойынша азамат С. Нұрымова ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі) 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін (ӘҚБтК 488- бабының 8-бөлімі.) азаматтығы жоқ адам жасаған, азаматша Б. Реймова әкімшілік тәртіппен 15 тәулікке қамауға алынып, кейіннен ҚР шегінен шығарып жіберілді", - делінген хабарламада.

Кеше Талғарда Шерзат Болаттың әкесінің ұсталды. Оған жерлеу кезінде «қоғамдық тәртіпке және басқалардың, соның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндірді» деген айып тақты. Бұған оның туыстары келіспей отыр.

Еске сала кетейік, 9 қарашада Талғар маңында марқұм Шерзат Болаттың ағасының денесі табыл,ан болатын. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті хабарлады. Алғашқы деректер бойынша, ол өзіне қол жұмсап қайтыс болған.

«Марқұм биыл 4 қазанда қаза тапқан Шерзат Болаттың ағасы екені анықталды. Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр», – делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, тергеу барысында әзірге қылмыстық сипаттағы белгілер анықталған жоқ. Айта кету керек, Шерзат Болаттың отбасы қайғылы жағдайдан кейін полиция қорғауында болған

«Осы уақытқа дейін отбасына қандай да бір қоқан-лоқы жасау дерегі тіркелмеді. Күзет қызметіндегі қызметкерлердің түсініктемесі бойынша ер адам күзетілетін нысаннан сағат 23:30-да жеке көлігімен кетіп қалған», – делінген хабарда.

Еске сала кетейік, осыған дейін Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша 11 адамның қамауға алынғаны белгілі болған. Қылмыстық іске байланысты полиция «Бұзақылық», «Қорқыту», «Адам өлтіру» және «Қылмыс туралы хабар бермеу» фактілері бойынша іс қозғаған.

Бұдан бөлек, Шерзаттың ата-анасының үйіне қойылған өртке байланысты тағы бір қылмыстық іс қозғалған.

16 жастағы мектеп оқушысы 4 қазанда дүкен маңында шыққан жанжалдан кейін кісі қолынан қаза тапқан. Істі ІІМ жеке бақылауына алған.

Сарапшылар Шерзат Полаттың ағасының өлімі неден болғанын айтты.

Сарапшылардың айтуынша, сот-медициналық сараптаманың алдын-ала болжамы бойынша, 9 желтоқсанда Талғардың шетінде табылған 30 жастағы ер адамның мәйіті өзін-өзі асу арқылы механикалық асфиксия нәтижесінде болғанын көрсетті. Денесінде зорлық-зомбылық сипаттағы белгілер жоқ. Сарапшылармен анықталған дене жарақаттары, мысалы, странгуляциялық және мойынның абразиялары асылған жіпті қолданған кезінде пайда болатын жарақаттарға сәйкес келетінін көрсетті. Барлық белгілер суицидті көрсетеді, мойынындағы зақымдану сипаты мұндай жағдайларға тән.

"Мастоидтық процестің және желке мен құлақ аймағындағы абразияға ұқсас іздер үйкеліс пен пайда болуы мүмкін", - делінген Алматы облысы ПД таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары болған оқиғаның барлық мән-жайларын тексеруді жалғастыруда.

Қоғам белсенділері Шерзаттың отбасы жазаланып жатқанына шүйлікті

Заңгер Ержан Есімханов үйінен бірнеше мәйіт шыққан адамды қамауға алу адамгершілікке жатпайтынын, тіпті заңда мұндай жағдайда жеңілдіктер болатынын айтады.

“Мұның бәрі інісінің жерлеуінен кейін болған. Ресми, заңды жағын қараған кезде адам өзін агрессивті ұстаса және басқаларға қауіп төндірсе, ол қамауға алынуы мүмкін. Шерзаттың әкесіне ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды. Бұл бапқа сәйкес, адамға мұндай айып бірінші рет тағылғанда, айыппұл салады не қамауға алу мерзімін қысқартуы мүмкін. Бірақ сот мұны істемеді”, – деді заңгер.

Сөзінше, заңның қоғам көретін жағын да ескеру керек.

“Ресми түрде полиция мен сот бұзақыны жауапқа тартқан болар. Бірақ екінші жағын қарасақ, жауапкершілікке тартылған азамат екі айда ұлы мен інісінен айырылды. Үйі өртеніп кетті. Қоқан-лоқы көрді. Ақыры әділдікке жету үшін полиция мен Талғар әкімдігінің назарын аударуға тырысты. Осыған байланысты көп полиция қызметкері мен әкімдік қызметкерлері жұмыстан босатылды.

Осының бәрін басынан өткерген адамды кәдімгі бұзақымен тең көріп, он бес тәулікке қамау адамдыққа жатпайтын тәрізді. Тіпті әкімшілік кодексте жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде жеке немесе отбасылық қиын жағдайлар ескеріледі. Ал жоғарыда аталғандардың барлығы – ең қиын отбасылық жағдайлар”, – деді Есімханов. 

Ол өздеріне тек ыңғайлы жағын ескерді деп полиция мен сотты сынға алды.

“Қарақшы я бұзақы емес, қайғыдан басы арылмаған әкені қатаң жазаламаудың жолдарын тапса да болар еді. Бірақ Қазақстанның полициясы мен соты заңның формалды жағын таңдайды”, – деді ол.