$ 524.66  550.21  5.09

«Отбасымен демалып жүрген»: Белгілі миллиардер оқыс жағдайда көз жұмды

Андик отбасы мүшелерімен бірге демалыста жүрген.

Фото: Москва 24
Фото: Москва 24

Испанияның ең бай адамдарының бірі, испаниялық Mango киім-кешек компаниясының негізін қалаушысы Исак Андик қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

La Vanguardia газетінің хабарлауынша, 71 жастағы кәсіпкер Кольбато муниципалитетіндегі шатқалда 150 метр биіктіктен құлап, мерт болған. Андик отбасы мүшелерімен бірге демалыста жүрген.

Андиктің қайтыс болғаны туралы ақпарат компания сайтында жарияланды. 

– Осы сенбіде болған оқыс оқиға салдарынан Mango компаниясының негізін қалаушы <...> Исак Андиктің күтпеген жерден қайтыс болғанын терең өкінішпен хабарлаймыз, - делінген хабарламада.

Mango желісін 1984 жылы Каталония автономиялық қоғамдастығында Түркияда дүниеге келген бизнесмен Исак Андик құрған. Forbes журналының мәліметі бойынша, ол Испаниядағы ең бай бесінші адам болды.

Mango-ның әлемде шамамен 2,7 мың сауда нүктесі бар. Компания 2023 жылды 3,1 миллиард еуродан асатын рекордтық табыспен аяқтаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары