16.12.2024, 02:30

Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды

Фото: instagram.com/volontery_uka_lider.kz

Қыздың денесінде көзге көрінетін жарақаттар жоқ. 

Өскеменнің тұрғыны 19 жастағы Әнел Ерік 12 қараша күні таңертең «Металлург» саябағы аумағындағы үйінен шығып, қайта оралмаған. Сол күні анасы полицияға қызының жоғалғаны туралы хабарлаған. Еріктілер қыз туралы ақпаратты әлеуметтік желіде таратқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полиция мәліметінше, бір ай бұрын жоғалған Әнел Ерік 13 желтоқсанда Өскемендегі Протозанова көшесінде Үлбі өзенінің жағасынан табылған.

«Қыздың денесінде көзге көрінетін жарақаттар жоқ. Оқиғаның мән-жайы тергеумен анықталып, сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.