$ 524.66  550.21  5.09

Талғардағы трагедия: КШТТО «ботофермаға» қатысты мәлімдеме жасады

Ал видеодағы митингілер шындыққа жанаспайды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

 

Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы Қазақстандағы ботоферма белсенділігінің қалыптан тыс өсімін тіркеген, деп Skifnews.kz ақпарат порталы КШТТО-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Орталықтың Telegram-дағы мәліметіне сүйенсек, апта басынан бері Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы әлеуметтік желіде Талғардағы трагедияны талқылауға байланысты қалыптан тыс белсенділікті анықтаған. 

КШТТО мамандарының мәлімдеуінше, мұндай жазбалардың басым бөлігі TikTok және Instagram желісінде жарияланған. Олардың кейбірі бірнеше күнде жүз мыңдаған қаралып жинап жатыр. Ал видеодағы митингілер шындыққа жанаспайды.

«Осы маңызды оқиғаға деген қызығушылықты әлдекімдер өз күн тәртібін ілгерілету үшін пайдаланып жатыр. Алматыда және басқа қалаларда өткен митингілер туралы жалған ақпарат пайда болды. Парақшалар мен пікірлерді (50 мыңнан аса) талдау боттардың үйлесімді жұмыс істеп жатқанын көрсетті. Осы ретте біз кез келген ақпаратқа сыни көзқараспен қарауға және желідегі мәліметтің дереккөзін екі рет тексеруге шақырамыз!», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары