$ 524.66  550.21  5.09

«Алжыған қақпас»: Желі қолданушылары Ермахан Ыбырайымовтың тойда айтқан тілегіне шүйлікті (ВИДЕО)

Керемет жұп! Күйеу бала көзіне көзілдірік тағыпты.

Фото: sk-sport.kz
Фото: sk-sport.kz

Әлеуметтік желіде бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымовтың тойда айтқан тілегі тарады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Керемет жұп! Күйеу бала көзіне көзілдірік тағыпты. Соған қарағанда ақылды секілді. Бірақ спортшы емес екені анық. Тоғыз айдан кейін ұл не қыз туады. Кім туса да маған әкеліңдер, бокстан Олимпиада чемпионы шығарамын», - дейді Ермахан Ыбырайымов тойда жас жұбайларға тілек айтып тұрып.

Спортшының бұл тілегі әлеуметтік желіде хит болып жатыр. Әртүрлі пікірлер жазылған.

"Алжыған қақпас", "Бастан кеткен ғой", "Жақсы боксшы, бірақ жақсы адам емес", "Не айтып тұрғанын өзі білмейді", - деді олар. 

Айта кетейік, алдағы 1 қаңтарда Ермахан Ыбырайымов 53 жасқа толады. Ол бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы, Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 53
Күлкілі 21
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары