Түрлі жарақат алған тағы үш адам ауруханаға жеткізілді.Ф
Оқыс оқиға 16 желтоқсан күні болған. Полиция аталған іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, 16 желтоқсанда күндіз "Қостанай-Әулиекөл-Сурган" автожолында, Қарасу ауданына қарасты Геркено ауылынан 10 шақырым жерде ірі жол апаты болды. Volvo және Toyota Alphard автокөліктері соғысқан.
Полиция Қылмыстық кодектің 345-бабы (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) негізінде тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.