$ 524.66  550.21  5.09

Ақтөбе облысында балыққа кеткен екі азаматтың мәйіті табылды

Полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізіп, екі азаматтың мәйітін өзеннен тапты.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

14 желтоқсанда Владимир Курдюков пен Михаил Дуля қаладан шығып, Темір ауданына балық аулауға кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізіп, екі азаматтың мәйітін өзеннен тапты.

«Полиция жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 1971 жылы жәе 2003 жылы туған екі азаматтың денесін тапты. Олар Темір ауданындағы Кенжәлі өзеніне батып кеткен. Сүңгуірлер олардың денесін автокөлік салонынан алып шықты. Алдын-ала дерек бойынша «Нива» автокөлігі жоғары жылдамдықпен келе жатып, көпірден өзенге құлап кеткен. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Ақтөбе облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары