Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Төребаев пен Шерниязовқа қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қарап, үкімді өзгеріссіз қалдырған еді.
Вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов жазасын жеңілдетуді сұрап, сотқа тағы бір мәрте өтініш білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Түрксіб аудандық сотына жаза шараларын ауыстыру бойынша іс-материалдары келіп түсті. Өтініш жақын арада қаралады», - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Төребаев пен Шерниязовқа қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қарап, үкімді өзгеріссіз қалдырған еді.