Ал Семей қаласының әкімдігі желіде тараған видеоға қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.
Семейдегі орталық аурухананың кіреберісіне ішіне түк жазылмаған Конституция кітабының макеті қойылған. Ал оның ішінде әлдекім нан салып кеткен, деп деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желіде тараған әлгі видеодадан аурухана Конституцияның кітабы салынатын қорапты бос қойғаны агық байқалады. Оның ішіне белгісіз біреу жартылай желінген нан қойып кеткен.
«Шыны қорап қойса, осылай болмас па еді. @semey_akimdigi @abai_oblysynyn_akimdigi @abai_oblprokuratura @prokuratura_semey @akordapress @akorda.news.
Дәл бұлай көңіл түсіретіндей жайт болмаса, мұның өзі күлкілі болар еді...@new_semey, @semey.pol1 мынаған не дейсіздер?», - деп жазды видеоны парақшасына жариялған Сәуле Бікітеева.
Видео желіге тарап, халық Ата заңға құрмет танытпаған аурухана әкімшілігіне наразылық білдіруде.
Ал Семей қаласының әкімдігі желіде тараған видеоға қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.