18.12.2024, 18:40

«Шаршағанымды түсіндім»: Динара Сәтжан желіде оқырмандарына сыр шертті

Фото: @dinarasatzhan

Динара Instagram парақшасында тығыз жұмыс кестесіне қатысты шағымданды.

Қазақстандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан әлеуметтік желіде оқырмандарымен жеке ойларын бөлісіп, соңғы уақытта қатты шаршағанын айтты. Ол үздіксіз іссапарлардың денсаулығына кері әсер етіп жатқанын жасырмады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Динара Instagram парақшасында тығыз жұмыс кестесіне қатысты шағымданды. Тележүргізуші үнемі сапарда жүрудің өзіне қиындық тудырғанын атап өтіп, келер жылы бұл мәселеге өзгеріс енгізуді жоспарлап отырғанын айтты.

"Тағы да әуежайда рейсімді күтіп отырмын. Шаршағанымды анық түсіндім. Сондықтан келесі жылы ұшақпен ұшуды барынша азайтамын деп шештім. Тек демалыс үшін ғана ұшамын. Алматыға тек екі айда бір рет маңызды түсірілімдерге ғана барамын," – деп жазды ол.