$ 520.27  537.65  5.24

Астанада бала зорламақ болды деген күдікпен Қорғаныс министрлігінің офицері ұсталды

Қызметкер сот санкциясымен қамауға алынды.

Фото: pexels
Фото: pexels

Елордада Қорғаныс министрлігі Ақмола гарнизонының әскери қызметкері 8 жастағы балаға сексуалдық зорлық көрсетті деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

БАҚ беттерінде Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің бірінің батальон командирінің подполковник шеніндегі орынбасары (басқа мәліметтер бойынша - майор) Астанадағы ауруханда 2016 жылы туған баланы зорламақ болған деген ақпарат тарады. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

“Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен оқуда жүрген Қорғаныс министрлігі Ақмола гарнизонының әскери қызметкері ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр”, – деп мәлімдеді ведомство.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары