19.12.2024, 23:30

«Қаза тапқандардың бесеуі оқушы»: Ақтөбеде жол апатына кінәлі жүргізушіге сот үкімі шықты

Фото: Stan.kz

37 жастағы сотталушы сот үкіміне келісті.

Ақтөбе сотында 8 адам қаза болған жол апатына қатысты үкім оқылды. Жеңіл көлікте футбол жарысына бара жатқан 5 бала болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе сотында 8 адам қаза болған жол апатына қатысты үкім оқылды. Жеңіл көлікте футбол жарысына бара жатқан 5 бала болды.  37 жастағы сотталушы сот үкіміне келісті. Өңірдегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 37 жастағы жүргізуші Сергей Соловьевке қатысты сот үкімі шықты. Іс Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлімімен қаралды. Сотталушы Сергей Соловьев  37 жаста, Беларусь елінің тумасы. Орта білімді. Отбасылы. Бұрын сотталмаған.

Енді сотталушы жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейді. Сот жәбірленушілердің талабын ішінара қанағаттандырды. Сергей Соловьев жәбірленушілердің отбасына барлығы 55 миллион теңге моральдық және материалдық шығын өтеуі тиіс.

“Жәбірленуші Көшекбаеваның азаматтық арызы ішінара қанағаттандырылсын. Соловьевтан 239 мың теңгеден астам материалдық, 7 миллион теңге моральдық шығын, жәбірленуші Сақтапбергеновтің пайдасына 7 миллион теңге моральдық шығын, Айтмырзақовтың пайдасына 7 миллион теңге моральдық шығын, Бульмешованың пайдасына 7 миллион теңге, Арыстанова 20 миллион теңге, Бақтыбаевтың отбасына 7 миллион теңге моральдық шығын өндірілсін”, – деді судья.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде жол апаты үшін айыпталған 37 жастағы беларусь азаматы соңғы сөзін айтып, бірнеше рет кешірім сұрады. Сергей Соловьев өзінің мәлімдемесінде бұл қайғылы жағдай өмірінің соңына дейін оны мазалайтынын айтты.