Жолды 2024 жылғы 20 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
"ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның екі өңіріндегі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Түркістан облысы:
2024 жылғы 19 желтоқсанда сағат 23:30-да республикалық маңызы бар Алматы - Ташкент - Термез автожолының 593-663-шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан - Қарабұлақ ауылына дейін) жүк көліктерінің қозғалысы шектеледі.
Жамбыл облысы:
Сағат 23:30-да республикалық маңызы бар Алматы - Ташкент - Термез автожолының 534-593-шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынады.
Жолды 2024 жылғы 20 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Компания 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын хабарлады.