Мен де Шерзаттың ісіне алаңдаймын.
Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісінде прокурор болған Айжан Аймағанова Шерзаттың ісіне байланысты пікір білдірді. Ол бәрі заңға сәйкес болатынын, әркім өз орнында жұмыс істеуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Біздің жазбаның астына және айдарымызға сіздерден Шерзаттың ісі бойынша көп сұрақтар түсуде. Әрине, мен де Шерзаттың ісіне алаңдаймын, бұл іс менің де жүрегімді қозғады, бірақ – бәрі заңға сәйкес болады", - деді ол.
Прокурор Алматы облысындағы әріптестері өз жұмысың адал атқаратынына сенім білдірді.
"Біз бір қағиданы түсіну керекпіз: әрбіріміз өз орнымызда еңбектенуіміз керек, өз жұмысымызды адал атқару – ол міндет. Мен сенімдімін, Алматы облысындағы менің әріптестерім өз жұмысын адал атқаруда", - деді прокурор Айжан Аймағанова.