$ 515.89  536.32  5.17

Енді молдалар қайырымдылық қорына түскен қаржыдан жалақы алады

Қырғызстанда жаңа заң күшіне енбек.

Фото: swissinfo
Фото: swissinfo

Қырғызстан президенті Жапаров молдаларға жалақы тағайындайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Kursiv.kz-ке сілтеме жасап.

Елде 2025 жылдың наурызынан бастап мешіттегі діни қызметкерлерге қайырымдылық қорына түскен қаржыдан жалақы төленеді.

Бастапқыда жалақы 8 мың сом (48 мың теңге) болса, жыл соңына дейін 20 мың сом (120 мың теңге) болады деп жоспарланған.

Қайырымдылық қорына арнайы шот ашып, оған төлем жасау үшін мешіттерде арнайы QR-жәшіктері орнатылады. Бұл жәшіктерді орнатуды мемлекет өз мойнына алмақ.

«Молдалар басқа ағымдарға кеткендерді тәрбиелеп, дұрыс жолға бағыттайды. Ханафи масхабына қайтарады. Бөлінген барлық ағым тәртіпке келеді. Біз бір халықпыз, бірақ 15-20 ағымға бөліндік. Бұл қауіпті», – деді Жапаров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары