24.12.2024, 16:00

Жанқош Тұраровқа қатысты тағы бір ақпар шықты

Фото: әлеуметтік желі

Бұл туралы Лига президенті Камил Гаджиев «Апта қорытындысы» бағдарламасында мәлімдеді.

Ресейлік Fight Night League 28 ақпанда Павлодарда (Қазақстан) бокстан өтетін турнирді дайындап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл турнирде IBO белбеуінің иегері Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі өтуі мүмкін. Бұл туралы Лига президенті Камил Гаджиев «Апта қорытындысы» бағдарламасында мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz.

Айта кетейік, Жанқош 2023 жылы Алматыда мексикалық Алехандро Менесеспен жекпе-жек өткізіп, IBO нұсқасы бойынша бокстан әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын.

Сол жылдың желтоқсан айында Акихиро Кондомен кездесіп, WBA Gold чемпионы атанды.