$ 520.27  537.65  5.24

Қансырап жатқан науқасқа таксимен келген: Елорда тұрғыны жедел жәрдемнің қызметіне ашуланды (ВИДЕО)

Мұны жедел жәрдем көлігінің жетіспеушілігімен түсіндірді.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Астаналық тұрғын жүкті әйеліне немқұрайлы қараған жедел жәрдем жүйесіне наразы болды. Айтуынша, қан кетіп жатқан жүкті әйеліне көмекке мамандар кішкентай, науқасты жатқызуға келмейтін, таксимен келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Жұбайымда қан кетуі болды. Бұл түсік тастау қаупін білдіреді. Біз "жедел жәрдем" шақырдық. Ал фельдшер болса бізге кәдімгі жеке көлікпен келді. Мұны жедел жәрдем көлігінің жетіспеушілігімен түсіндірді", - деді тұрғын. 

Оқиға 20 желтоқсанда болған. 

"Бұл ел астанасында болып отырған жайт! Басқа өңірлерде не болып жатқанын ойлай беріңіз! Көлік кішкентай, лас әрі жағымсыз иіске толы болды. Егер отырып бара алмайтын науқасқа болса ше? Бұл сұмдық", - деп ашуланады ол.

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Ведомство халықта тыныс алу органдарының маусымдық ауруларының өршуіне байланысты қоңыраулар саны орташа нормадан асып кеткенін жеткізді. 

"Жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы “Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығының 42 - тармағына сәйкес пациенттерге жету уақытын қысқарту мақсатында такси автомобильдерін уақытша жалға алу туралы шешім қабылданды",- деді баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, жүкті науқасқа қажетті көмек көрсетілгенін, оны кейін амбулаториялық емге жіберілгенін алға тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары