Республика бойынша жаяу бұрқасын, тұман, екпінді жел, елдің батысында көктайғақ болады.
«Қазгидромет» РМК 26-28 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстан тағы да солтүстік-батыс циклонының ықпалында болуы мүмкін.
Солтүстік-батыс циклон ойпатымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ауа райының тұрақсыздығын тудырады. Қар жауады, ал республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Елдің оңтүстігінде ғана антициклон сілемі негізінен жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Республика бойынша жаяу бұрқасын, тұман, екпінді жел, елдің батысында көктайғақ болады.
«Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының түнде 3-15 аязға дейін, күндіз 6 аяз -5 градус жылуға дейін көтерілуі болжанады, елдің батысында ғана температуралық режимде күрт өзгерістер болмайды», - делінген «Қазгидромет» мамандарының болжамында.