25.12.2024, 17:20

Сот Мейіржан Төребаевты мерзімінен бұрын бостандыққа шығарудан бас тартты

Фото: exclusive.kz

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Түрксіб аудандық сотында Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құру ісі бойынша бес жылға сотталған белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты Мейіржан Төребаевтың Қылмыстық кодексінің 73-бабында қарастырылған "жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңілірек жазамен ауыстыру" туралы өтінішін қарады.

"Шынында, жазасының көп бөлігін өтеген. Мінездемесі негізінен жақсы, тек бір ескерту бар. Алайда залалды өтеу бойынша ешқандай әрекет жасалмаған", – деді сот.

Соттың дерегінше, жаңа өтінішті ол 6 айдан кейін бере алады. Сотта Төребаевты Алмалы аудандық сотының 2023 жылғы 23 маусымдағы үкімімен Қылмыстық кодекстің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы (қаржы пирамидасын құру және басқару) бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілгені анықталды.

Азаматтық талаптың жалпы сомасы 814 120 806 теңге, мемлекеттік баж түріндегі сот шығындары 8 060 602 теңге. Үкім 2024 жылдың 1 ақпанында заңды күшіне енді.

"Сот талқылауы барысында сотталғандарға жазаны неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы өтініш хатты қанағаттандырудың негізгі критерийлерінің бірі болатын зиянның өтелмегені де анықталды. Қылмыстық кодекстің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес, онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, ол қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қас көйлікпен бұзбаған жағдайда, сот жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруы мүмкін", – делінген сот хабарламасында.

Барлық мән-жайды ескере отырып, сот М.Төребаевтың жеке ісінің материалдарын жан-жақты зерттеп, сот қаулысымен өтініш хатты қанағаттандырусыз қалдырды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.