25.12.2024, 18:40

«Дұға етіп, көмек сұрап жатыр»: Желіде ұшақ құлағанға дейін бірнеше минут бұрын түсірілген видео тарады (ВИДЕО)

Фото: ТЖМ

Деректерге сәйкес, тағы бір нұсқа бойынша борттағы оттегі багы жарылған.

Желіде ұшақ құлағанға дейін бірнеше минут бұрын түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

112 Telegram-арнасының мәліметінше, жолаушылардың бірі ұшақтың құлап бара жатқанын білген бойда әйеліне видео түсіріп жіберген. Кадрлардан адамдардың дұға етіп жатқанын, оттегі маскаларының түскенін байқауға болады. Сондай-ақ жолаушылардың көмек сұрап, қиналып жылағанын ести аласыз.

Деректерге сәйкес, тағы бір нұсқа бойынша борттағы оттегі багы жарылған.

Айта кетейік, бүгін Ақтау маңында Әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі Embraer ұшағы апатқа ұшыраған еді.