$ 515.25  535.91  5.18

«Әр сыйлыққа 10 985 теңге бөлінген»: Жетісу облысында аз қамтылған отбасыларға берілген тәттілер дау тудырды (ВИДЕО)

Біз қанағатсыз адам болып көрінгіміз келмейді. Бірақ бізді осылайшы алдап тұрғаны бірінше рет емес.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде көпбалалы және аз қамтылған отбасылар әкімдіктен берілген жаңажылдық сыйлықтардың өз бағасына сай келмейтінін айтып, наразылық білдірген видосы тарады. Көпбалалы аналар мұндай жағдайдың бірінші рет қайталанып тұрғанын айтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Желіде тараған видеода әйел әкімдіктен берілген әр сыйлыққа мемлекеттен 10 985 теңге бөлінгенін айтады. Алайда сыйлықтың ішіндегі тәттілердің жалпы бағасы көрсетілген бағаға татымайтынын жеткізді.

“Сыйлықтың ішінде бірнеше кәмпит, чупа-чупстер, жаңғақ, кішкендай сусын мен Kinder surprise бар. Бәрінің бағасын қосқанда 3000 теңгеден аспайды”, – дейді ашынған көпбалалы ана.

Биыл аудан бюджетінен 1161 сыйлыққа 12 753 585 теңгеге жуық қаражат бөлінді. Сыйлықтар уәде етілген қаражаттан әлдеқайда арзанға алынғанын айтқан тұрғындар қалған ашқа қайда кеткенін түсінбей дал. Айтуларынша, мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. 

“Біз қанағатсыз адам болып көрінгіміз келмейді. Бірақ бізді осылайшы алдап тұрғаны бірінше рет емес. Әділдікті сұраймыз”, – дейді келіншек.

Болған жағдайға қатысты Жетісу облысы білім басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтап, түсініктеме берді. 

“Әлеуметтік желілерде Сарқан ауданында берілген жаңажылдық сыйлықтардың талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жарияланымдарға байланысты білім басқармасы қызметкерлерінен жұмыс тобы құрылды. Тексеру нәтижесінде мемлекеттік сатып алулар Сарқан ауданының білім бөлімі тарапынан ұйымдастырылғаны анықталды. Осыған орай, мемлекеттік сатып алу бойынша есепші қызметінен босатылды. Сарқан ауданының білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды”, – деп мәлімдеді. 

Ведомство балаларға арналған жаңажылдық сыйлықтарды ұсыну бойынша анықталған құқық бұзушылықтарды жойып, сыйлықтарды белгіленген талаптарға сай 27 желтоқсанға дейін қайта табыстауға уәде берді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары