Осы хабарламадан кейін онымен байланыс үзілген.
Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақтың жолаушысы туысына хат жазған, деп Sкifnews.kz ақпарат порталы Life.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оңтүстік Кореядағы Муан әуежайындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың бірінің туысы жақынының соңғы хабарламасын жариялады.
"Ұшақ қанатына құс тиіп кетті, біз қона алмаймыз", – деп жазған марқұм жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00-де.
Туысы бұл жағдай қашан болды деп сұрағанда, ол:
"Дәл қазір. Соңғы сөздерді айтатын кез келген сияқты?”, – деп жазған ол.
Осы хабарламадан кейін онымен байланыс үзілген.