Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.
Қазгидромет еліміз бойынша 31 желтоқсан мен 2 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның солтүстік өңірлері циклонның әсерінде болады.
Республиканың басым бөлігіне Скандинавия циклоны әсер етіп, салдарынан ауа райының тұрақсыз сипаты болады. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында бұрқасын болып, қар жауады.
31 желтоқсанда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
1-2 қаңтарда батыста, оңтүстік-батыста, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде қатты екпінді жел, жауын-шашын (жаңбыр, қар) көктайғақ болады.
Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі.
Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы: батыста түнде 5 -5 градус, күндіз 3 -10 градус, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде 2-13 градус аязға дейін, күндіз 7 -2 градусқа дейін, шығыста түнде және күндіз 0 -8 градус аязға дейін жоғарылауы күтілуде. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.