$ 527.3  544.86  4.95

«Жауабы түсінікті»: Бельгиялақтар асырап алған Жәнібек күтпеген мәлімдеме жасады

Кейде менен неге анамды немесе отбасымды тапқым келетінін сұрайтындар бар.

Фото: жеке парақшасынан
Фото: жеке парақшасынан

Бельгиялық Жәнібек аталып кеткен Мұрат Савелиев Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жәнібектің айтуынша, биыл қуантқан, мұңайтқан сәттер де болған, бірақ оны мазалайтын жалғыз сұрақ: "Анашым, қайдасың?"

"Кейде менен неге анамды немесе отбасымды тапқым келетінін сұрайтындар бар, бұл сұрақтың жауабы түсінікті деп ойлаймын. Адамға өмірді бірге сүретін анасы, әкесі, аға-інісі, қарындас-әпкесі болуы керек қой. Бөлек қалып, жылап жүрмей, бірге жүріп, мықты болған дұрыс деп ойлаймын. Мысалы, ата-анаммен, аға-қарындаспен бірге Жаңа жыл мерекесін тойласам, керемет емес пе? Менің жаңа жылдық сыйлығым - өздеріңіз, бұл сөзсіз!", - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 87
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары