$ 527.23  544.05  5.05

Еліміз шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатты

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл қызмет көрсетілмейді.

Фото: gov4c.kz
Фото: gov4c.kz

Енді шетел азаматтары біздің шетелдегі мекемелер арқылы Қазақстан ЖСН нөмірін ала алмайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстанның Ресейдегі дипломатиялық миссиясының дерегі бойынша ЖСН беру пилоттық жобаның аяқталуына байланысты тоқтатылған.

«Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін беру» пилоттық жобасының аяқталуына байланысты 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап шетел азаматтарына ЖСН беру уақытша тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Қазақстанның Белорусиядағы елшілігі де ЖСН-нің 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін берілетінін хабарлады. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл қызмет көрсетілмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары