31.12.2024, 19:20

Қытай сағатына 450 км жылдамдықпен жүретін пойызды таныстырды

Фото: www.iphones.ru

Қытай пойыздың бұл түрін 2025 жылы пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Қытайда сағатына 450 шақырымға дейін жылдамдықпен жүретін пойыздардың CR450 моделінің прототипі ұсынылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, China State Railway Group Company Limited мемлекеттік компаниясы CR450BF деп аталатын прототипті Бейжіңде енгізілді.

Қытай пойыздың бұл түрін 2025 жылы пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Ол 400 км/сағ крейсерлік жылдамдықпен жолаушылар тасымалдап, болашақта сағатына 350 шақырым жылдамдықпен жүретін CR400-ді ауыстыруы керек.

Жаңа пойыз үшін жаңартылған теміржол технологиялары бар инфрақұрылым құру жоспарланған.

Қазірдің өзінде Аспан асты елінде жүрдек пойыздар сағатына 350 шақырым жылдамдықпен жүреді. CR450 іске қосылған жағдайда, Бейжіңнен Шанхайға 4 сағатта емес, 2,5 сағатта жетуге болады деп күтілуде.

Тегтер: пойыз Қытай