Мейрамбек Мылтықбайұлы көп жыл баспасөз бен телевизия саласында, мемлекеттік қызметте қызмет атқарған.
68 жасқа қараған шағында журналист, қаламгер, мемлекет және қоғам қайраткері Жамбыл облысының құрметті азаматы Мейрамбек Төлепберген өмірден озды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мейрамбек Мылтықбайұлы көп жыл баспасөз бен телевизия саласында, мемлекеттік қызметте қызмет атқарған. Сондай-ақ Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты болған.
2012-2017 жылдары "Қазақстан" телерадиокорпорациясына қарасты аймақтық JAMBYL телеарнасын басқарған. Ол басшылық еткен жылдары телеарнада көптеген тың жоба жарыққа шыққан. Оның ішінде "Сыр перне" , "Ауылға кел, ағайын", "Ел мерейі", "Бірлігіміз жарасқан" жобалары бар.
Сонымен қатар телеарнаға көптеген жас маманды тартып, материалдық- техникалық базаның нығаюына ат салысқан. Журналист соңғы жылдары Abai tv телеарнасының "Сарасөз" бағдарламасын жүргізген.