$ 527.3  544.86  4.95

«25 жыл бойы тіссіз жүрген»: Адам танымастай өзгерген әйел желідегілерді тәнті етті

Видео кейіпкері Әйгерім - 6 баланың анасы.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

3 жылдан кейін адам танымастай өзгерген әйел желідегілерді тәнті етті, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеп.

Видео mamacita.kz әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Видео кейіпкері Әйгерім - 6 баланың анасы. Ол 25 жыл бойы тіссіз жүрген. 

"12 жастан бері тісім жоқ. Бауырларым футбол ойнап жатқанда кірпішпен тісіме тиіп кетті", - дейді ол. 

Әйел мектепте де тіссіз жүріп, тіпті күйеуге шыққанда да қымсынбаған. 

"Тіссіз жүріп, 4 баламды дүниеге әкелдім. Қасым болса екен деп армандаймын. 35 жылдан кейін қасым көрінсе екен деймін", - деді әйел. 

 Желі қолданушылары әйелдің өзгерісіне тәнті болып, пікір қалдырған. 

"Әр әйел бақытты болуға лайық", "Әйелдің бәрі әдемі дегеннің тағы бір көрінісі. Ақша мен мүмкіндік болса, бәрін жасауға болады", - деп жазған олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары