Құрметті көлік жүргізушілері, ауа райының нашарлауына байланысты алыс сапарға шықпауларыңызды сұраймыз.
Қарағанды облысында ауа райы күрт нашарлады. Қарлы боран салдарынан Қарағанды-Теміртау тас жолы жабылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сағат 00:30-дан бастап Қарағанды-Астана бағытындағы көлік қозғалысы шектелді.
"2 қаңтарда ауа райының нашарлауына, жанама жел мен қарлы боранға байланысты Алматы-Екатеринбург тас жолында Қарағанды қаласынан Ақмола облысына қарай сағат 00:30-дан бастап көлік қозғалысы шектелді. Қазір төлем терминалында 50-ге жуық көлік тұр. Құрметті көлік жүргізушілері, ауа райының нашарлауына байланысты алыс сапарға шықпауларыңызды сұраймыз", - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.