04.01.2025, 08:30

Қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды

Фото: Фото: Pixabay Фото: Pixabay

Астанада кей уақыттарда көктайғақ болып, тұман түседі.

Синоптиктер ертең, 4 қаңтарда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астанада кей уақыттарда көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман күтіледі.

Жезқазғанда 4 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Қызылорда облысының батысында, шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Қызылордада 4 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағандыда 4 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні 23 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Оралда 4 қаңтарда тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, түнде кей уақытта 23 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман.

Атырауда 4 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанайда 4 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтауда 4 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 5 қаңтарда облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады. Ал 4-5 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Таразда 4-6 қаңтарда кей уақыттарда тұман күтіледі.